АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК

29.01.2025

2025 жылдың 28 қаңтар күні дипломалды кәсіптік практикадан өтіп жүрген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «Филология» бөлімінің ІV курс студенті Силам Айдана Әшімбекқызы Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен «Арал қасіреті. Жалпылау есімдігі» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Негізгі мақсат – студенттің теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, кәсіби біліктілігін шыңдау. Үлгі сабаққа колледж тарапынан директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Т.Жоламанова, колледж әдіскерлері, филология бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта қатысса, Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі тарапынан директор Султанбек Талант, пән мұғалімдері және мектеп тәлімгері Ермаконова Аягөз Мейрамғалиқызы офлайн түрінде қатысып, өз бағаларын берді. Сабақ барысында машықтанушы студент «Жүректен жүрекке», «Қолшатыр», «Ой түрткі», «Маркер», «Түртіп алу», «Австриялық жаңбыр», «Аквариум» және «Айфон» әдістерін, «Wordwall» платформасын ұтымды қолданды. Сондай-ақ оқушылармен жақсы қарым-қатынас құру, олардың оқуға деген қызығушылығын ояту үшін қандай әдістер қолданылатынын меңгеру, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру мәселелерін басты назарға алды. Аталмыш практика педагогика саласындағы кәсіби дамуының негізі болмақ.

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст