2025 жылдың 23 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жанындағы «Білім» бейіні бойынша 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01130100 «Логопедия» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемеслік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Заманауи қоғамдағы инклюзивті білім берудің үздік тәжірибелері» атты облыстық кездесу-дәрісі өтті. Негізгі мақсат – АҚШ-тағы халықаралық семинар-тағылымдама қатысушыларымен инклюзиялық білім беру саласындағы мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріліп, тәжірибелерімен бөлісу. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы өз сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында модератор ретінде Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің орынбасары Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы кездесу-дәрісінің өзектілігін ашып, сөз кезегін қатысушыларға берді. Логопедия негіздері пәнінің оқытушысы Искакова Бақыт Жарматайқызы «Инклюзивті білім беруде цифрлық сауаттылықты дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ «Инклюзивті ортаны қалыптастыру» тақырыбында АҚШ халықаралық семинар-тағылымдама қатысушылары өңір орталығындағы «Айша» бөбекжайының меңгерушісі Сексенова Г. С., «Нұр бала» бөбекжайының меңгерушісі Айжарыкова А. Ж., «Zerek» бөбекжайының меңгерушісі Каппасова А. И. және «Алтын бала» балабақшасының әдіскері Акжанова А.Р. жобаларын көрсетіп, қойылған сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің инклюзивті оқыту бойынша әдіскері, ф.ғ.м. Жайлауова Г. У. «Инклюзивті білім беру: Қоғамның болашағына қадам» тақырыбында баяндамасымен бөлісті. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары Редько Н. С., Касымжанова С. Б. «Подготовка студентов к работе с детьми дошкольного возраста с ООП и ОВЗ» тақырыбында қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті. Қорытынды рефлексияны Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері Әдият Жансая Қанатқызы Mentimeter тақта әдісі арқылы жүргізді.