АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ата салтым – асыл қазынам» мерекелік іс-шарасы өтті

19.03.2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес елімізде жаңа тұжырымдамалық тәсілдер әзірленіп, Наурыз мейрамы он күн бойы тойланатыны жарияланды. Осыған байланысты, 2021 жылғы 18 наурызда тәрбие бөлімінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өту іс-шаралар жоспарына сәйкес А-11, 12 топ студенттері «Ата салтым – асыл қазынам» атты іс-шарасын өткізді. Басты мақсаты – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара мазмұны "Көрісу күні", "Табиғат күні", "Бабаларды еске алу және бата күні", "Тарих күні", "Игі істер күні", "Спорт және шеберлік күні", "Даналық және білім күні", "Ұлттық тағамдар күні", "Ұлыстың ұлы күні", "Қадір тұту күнін" атап өтуден тұрды. Іс-шара барысында студенттер Наурыз мерекесінің шығу тарихы, бұл мейрамды атап өту барысы туралы мазмұнды ақпарат беріп өтті. Ұйымдастырылған кездесуде студенттер мейрам туралы бейнеролик тамашалады, игі істер таныту, өз бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған жағдаяттарды шешті, сонымен бірге, өз өнерлерін де көрсетті. Студенттер көрермендерді күй үніне бөлеп, қазақ биін билеп, қазақ әндерін орындады. Аталған іс-шара жақсы деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге жағымды әсер қалдырды.
Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст