АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

10.01.2025

2025 жылдың 9 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Ең алдымен, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы І жартыжылжық қорытындысы бойынша білім сапасының мониторингісімен таныстырып, жетілдіру жолдарын атап өтті. Сондай-ақ директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы І жартыжылдық қорытындысы  бойынша оқу-тәрбие процесіндегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайлы сөз қозғады. Колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы өндірістік және кәсіптік практика блогі бойынша білім мазмұнын жаңа сапаға көтерудің нәтижелерімен бөліссе, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы колледждегі ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмысты ұйымдастыру нәтижелерімен хабардар етті. Сонымен қатар колледж әдіскерлері Сатиева Марал Төлегенқызы мен Меңдібаева Айжанар Нұрланқызы оқу-тәрбие процесін цифрландырудың тиімділігі мен жетілдіру жолдарын баса айтты. Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының есебімен таныстырды. Педагогикалық кеңес соңында колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы көтерілген мәселелерді сарапқа салып, шешу жолдарын айтты. Педагогикалық кеңеске ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.

Просмотров: 762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст