АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

12.03.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ағымдағы жылдың 12 наурыз күні тірек мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес «Кіріктірілген білім беру ұстанымдары STEM-технологиясын қолдану» тақырыбында Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «STEM-мектеп оқушыларын оқытудың жаңа әдістемесі және әлемдік білім берудің негізгі тренді» екенін бастауыш сынып мұғалімдеріне түсіндіріп, ақпарат жеткізу.

Колледжіміздің педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының оқытушылары Г.Амиржанова, Б.Азбергенова, Т.Лекер, Қ.Мұқышева жетекшілігімен 3-курс студенттері, БМ-31 тобы, № 17 мектеп-гимназиясының мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізілді. Колледж оқытушылары Г.Амиржанова STEM технологиясының мазмұны мен сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың зейіні мен қызығушылығына бағытталған мазмұнды ақпаратпен ой бөліссе, Б.Азбергенова және БМ-31 тобының студенттері қазақ тілі мен математика және бейнелеу өнерімен өзін-өзі тану кіріктірілген сабақтарда STEM технологиясының тиімділігін көрсетіп, зерттеу бөлімі мен нәтижесіне тоқталып, талдау жұмыстарын жасады. Бастауыш сынып мұғалімдері STEM технологиясының кіріктірілген сабақтарда қолданудың маңызды тұстарымен танысып, толғандырған сұрақтар бойынша жауап алып, пікір алмасты. №17 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Толқын Тұрсынқызына және бастауыш сынып мұғалімдеріне семинарға белсене қатысып, салмақты ойларымен бөліскені үшін өз ризашылығымызды білдіреміз!

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст