АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

11.03.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тірек мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес «Білім мазмұнын жаңартудағы SMART қадамдар» тақырыбында Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Бастауыш сыныптағы оқушыны рухани, тұлғалық тұрғыда әлеуметтендіру мақсатында нәтижеге бағытталған SMART – технологияларының тиімділігін арттыру» атты әдістемелік жәрмеңке өтті.
Колледжіміздің педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының оқытушылары Ө.Төлеген, Б.Секенова, Д.Сейтбаттал, Т.Лекер, Қ.Мукушева жетекшілігімен 4-курс студенттері, БМ-41 тобы, № 17 мектеп-гимназиясының мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізілді. №17 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Салтанат Әбуқызы «Тәрбие сағаттарға SMART мақсатты тиімді қоюдың нәтижелілігі» тақырыбында ұйымдастырған сабағында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақта тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, қашықтықтан оқыту жүйесінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері жайында ақпарат берді. Колледжіміздің оқытушылары Ө.Төлеген «Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу», Б.Секенова «Бастауыш сыныпта таным мәні, оқыту процесіндегі оқушы белсенділігі мен іс-әрекетін ұлттық құндылықтар арқылы белсендіру» тақырыптарында сөз қозғады. №17 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Тасанова Ақерке Оразбайқызы, Хамзина Дана Малгаждарқызы, Ашимова Салтанат Әбуқызы студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып өз пікірлерімен, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік жәрмеңкенің соңында оқытушылар және колледж студенттерімен кері байланыс орнатылды. Іс-шарада ақпараттық-коммуникативтік технология элементтері қолданылып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген іс-шарада белсенділік танытқан № 17 мектеп-гимназиясының әкімшілігіне, мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!
Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст