11.03.2021
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 10 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Бастауыш мектеп бөлімінің ұйымдастырумен Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының және Кішкенекөл №1 орта мектебінің 9, 10, 11-сынып оқушыларының мамандықты таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты онлайн конференция ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада колледж туралы презентация көрсетіліп, мамандықтар бойынша толыққанды ақпарат ұсынылды. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараға бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі Т.Н.Лекер, педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының оқытушылары Ы.М.Калиева, А.М.Шарипова және аталған мектептен 52 оқушы мен сынып жетекшілері қатысты.