Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі мекемелерінің ұйымдастыруымен өткізілген ауқымды іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісінің иегері Хамзин Елебек Советұлы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы спорттық білім беру, ғылым және инновацияларды трансформациялау мәселелері, салауатты өмір салты мониторингісінің ұлттық жүйесі, дене шынықтыру педагогтерін даярлаудың кейбір аспектілері туралы өзекті тақырыптар талқыланып,
Норвегиялық спорттық медицина мектебінің Спорттық медицина институтының жетекшісі профессоры Хеге Клемм мен Донггук университетінің профессоры, PhD Ким Йон Хо Кореяның білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің инновациялары бағыты бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, конференцияда олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу болып, Назарбаев Университетінің спорт ғылымы, медицина және оңалту ғылыми-практикалық базасы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.