10.03.2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің кезекті сұхбатында Қазақстандағы барлық балалар Мемлекеттік тілде білім алу керектігін айтып, білім саласындағы тіл мәселесіне тоқталған болатын.
Асхат Аймағамбетов өз сөзінде «Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек» - деп ата-аналарды балаларын қазақ тілді мектептерге беруге шақырды.
Әрбір халықтың ең басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты мемлекеттік тілде оқыту арқылы, мемлекеттік тілде тәрбие беру арқылы біз еліміздің жарқын болашағына жол ашамыз. Себебі қазақ тілі - біздің өткеніміз, бүгініміз және келешегіміз.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі. Тарих пәнінің оқытушысы, Ағылшын бөлімі А-13 тобының топ жетекшісі Тайманова Айнұр Талғатқызы