Текст
Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Алаш кемеңгері, ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» атты апталық аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 1-курс студенттері арасында үздік ғылыми жұмыстар мен эсселер сайсы өтті. Студенттер Алаш көсемінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, көрермен алдында сөз сөйледі. Сайысқа қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, эссе жазудағы шеберліктерін шыңдай түсті. Жұмыстарды қорғау барысында Алаш кемеңгері Әлиханның көптеген игі істері айтылып, оның қазақ халқы алдындағы еңбегі жастарға жеткізілді!