АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 28 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қазақтың батыр қызы, мерген Молдағұлова Әлия Нұрмағамедқызының ерлігін еске алуға арналған қыздар арасындағы «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықпен нысана көздеу Республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Негізгі мақсат – жеткіншек ұрпақтың бойында отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, облыстық мектеп және колледж студенттері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту. Жабылу салтанатында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мерген аруларды ауған соғысының ардагері Шарипов Болат Тлеугабылович пен Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Бралин Канат Майкенович құттықтап, бұл қабілеттің жоғары деңгейде екендігін баса айтты. Облыстық «Мерген ару» сайысына 13 команда қатысып, 50-ден аса мерген қыздар ату жарысынан өзара бәсеке сынына түсті. Жарыс барысында барлығы өздерінің жоғары дайындықпен келгендігін көрсетті. Жалпы командалық есепте І орынды Бурабай ауданының, ІІ орынды Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің және ІІІ орынды Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің командалары иеленді. Жеңімпаздарды Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының басшысы Сағидолда Орынбек Мәмиұлы құттықтап, Дипломдарды табыс етті.