АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тәрбиешінің көмекшісі» жұмысшы біліктілігін даярлаудың теориялық мәселелері» атты республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинары ZOOM платформасында, on-lain форматында өткізілді.
Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Тәрбиешінің көмекшісі» жұмысшы біліктілігінің «Балаларды күту және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау» модулі негізінде маман даярлаудың теориялық және практикалық мәселелерін тәжірибе жүзінде көрсету, пікір алмасу.
Іс-тәжірибе алмасу вебинарына Республиканың педагогикалық және гуманитарлық колледж мамандары, Ж.Баласағұн атындағы Қырғызстан мемлекеттік университетінің жанындағы кәсіптік колледж, Көкшетау қаласындағы №1 «Арман» балабақшасы, №19 «Нұр бала» балабақшасы, Мектепке дейінгі бөлімнің ІІ курс студенттері, Мектепке дейінгі бөлімнің қолданбалы бакалавриат топтарының ІІ, ІІІ курс студенттері қатысты.
Аталған тақырыпта республикамыздың бірқатар педагогикалық және гуманитарлық колледж мамандары, Қырғызстан мемлекеттік университетінің жанындағы кәсіптік колледж оқытушылары өзекті мәселелер бойынша өз баяндамаларымен қатысып, ой бөлісті. Практикалық бөлімінде бала күтімін ұйымдастырудағы кәсіби құзіреттіліктерді меңгертуде «Кәсіптік құзыреттілік алаңы» дәрісханасындағы практикалық жұмыстар, сонымен қатар М.Монтессори технологиясының күнделікті өмірлік жаттығулар аймағындағы өз-өзіне қызмет ету жұмыстары өткізілді.