Текст
2024 жылдың 14 қараша күні Халықаралық логопед және студенттер күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Логопедия» бөлімінің Л-41ҚБ тобы студенттерінің ұйымдастыруымен орай «Болашақ логопедтер» атты студенттер кеші өтті. Кеште логикалық ойын, тапсырмалар, би, студенттер өмірінен көріністер қойылды. Іс-шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы, «Мектепке дейінгі педагогика және Логопедия» бөлімінің меңгерушісі Мұқышева Нұргүл Серікқызы, колледж оқытушылары Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы, Әдият Жансая Қанатқызы, Әмірова Сағира Абзалқызы, Искакова Бақыт Жарматайқызы және Кравченко Анастасия Петровна өз ойларымен бөлісті.