АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 12 қараша күні Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары және жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитеттері арасында өткен “Үздік жастар комитеті” байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің “Jas Orda” жастар ісі жөніндегі комитеті Бас жүлдеге ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: Қайырбай Айым Маралбекқызы. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!