АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өтетін мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне дәрістер «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің «Әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық» бағыты бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы мен «Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық)» бағыты бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің меңгерушісі Мұқышева Нұргүл Серікқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету. Облыстық кезеңде Заманбекова Әлия Заманбекқызы және соавторлар Секенова Балкүміс Байжанқызы мен Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы «Толық адам тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша қатысса, Мұқышева Нұргүл Серікқызы «Пәндік-кеңістіктік қауіпсіз даму ортасын құру» тақырыбы бойынша бақ сынады. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын! Ғылым кеңістігінде самғай беріңіздер!