АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 6 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, кафедра жетекшілері, әдіскерлердің қатысуымен «Корпоративтік басқару негіздері мен принциптері және ІТ саласындағы педагогтердің құзіреттілігін арттыру жолдары» семинар-практикумы өтті. Аталмыш семинар-практикум директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, әдіскер Меңдібай Айжанар Нұрланқызы және «Информатика» кафедрасының жетекшісі Қамалиден Айгерім Сағындыққызының Астана қаласында өткен біліктілік курсымен тәжірибелік бөлісу мақсатында жүзеге асырылды. Семинар-практикумда Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы колледждің оқу және оқу-әдістемелік қызметіндегі корпоративтік басқару негіздеріне тоқталып, білім берудегі менеджмент, басқарудың инновациялық стилі туралы ақпарат берді. Білім берудегі корпоративтік басқару принциптер, білім беру жүйесіндегі корпоративтік басқару құрылымы, корпоративтік басқарудың түрлеріне тоқталып, ТжКБ жүйесіндегі корпоративтік басқару қажеттілігі бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, колледждің стратегиялық даму жоспарын өзектендіру үшін 8 D моделін қолданудың тиімділігі айтылып, кеңінен түсінік берілді. 8D Моделі – бұл негізінен өндіріс процесінде сапа деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты мәселелерді шешуге арналған әдіс. Осы әдістеме сапа мәселелерін шешу әдістемелік немесе аналитикалық әдіске негізделген. 8D әдісі сәйкессіздіктердің нақты себептерін анықтауға арналған. Ол сондай-ақ түзету және ескерту әрекеттерін әзірлеуді, яғни мәселенің қысқа мерзімді шешімін әзірлеуді және болашақта осы мәселелердің қайталануын болдырмау үшін ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруды қамтиды. Сондай-ақ әкімшілік құрамымен жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру бойынша ТЖКОБ тізіліміне білім бағдарламаларын әзірлеу және енгізу процесіне тоқталды. Семинар-практикумның ІІ бөлімінде «Информатика» кафедрасының жетекшісі Қамалиден Айгерім Сағындыққызы мен колледж әдіскері Мендыбай Айжанар Нұрланқызы «ІТ саласындағы педагогтердің құзіреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында «Ақпараттық технологиялар саласындағы құқықтық реттеу, тенденциялар мен құзыреттер», «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: білікті ІТ мамандарын дайындауда заманауи технологияларды қолдану», «Бағдарламалық құрамды жобалау технологиялары» атты модульдерге тоқталды. IT саласындағы құзыреттерді арттыру мамандарға инновациялық жобалар мен технологияларды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытуға, қолданыстағы жүйелерді жетілдіруге және жасанды интеллект, машиналық оқыту және блокчейн сияқты озық технологияларды енгізуге ықпал етеді. «Әріптестерге бағдарламалық құрамды жобалау технологиялары. Оқыту нәтижесі: әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бағдарламалық жасақтаманы жобалау дағдыларын қолдануға» (бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау) арналған «Kanban» әдісі, «Икемді даму (Agile)», «Agile әдістемелері» демонстрацияланды. Әр топқа үлестірме материалдар таратылып, IT саласындағы әдістемелер бойынша зертханалық жұмыстарды Miro тақтасында орындады. Семинар-практикумға қатысушылар It-startup жобаларды визуализациялауға, тапсырмалар ағынын оңтайландыруға және тиімділікті арттыруға бағытталған жоба мен процесті басқару әдіснамасын меңгерді.
#talap.ao