АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 4 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жүйелік менеджмент процестерінің сапасы ІSО 9001:2015/ҚР СТ ІSО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» халықаралық стандартының талаптары жөнінде ақпараттық отырыс өтті. Мақсаты – инспекциялық аудит жұмысы бойынша дайындық жұмыстарын нақтылау. Маңызды іс-шараға әкімшілік құрамы, кафедра жетекшілері және колледж ұжымы қатысты. Ақпараттық отырыс барысында ТжКБ үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасы және жаңа оқу жылына арналған жүйелік менеджментінің процестері туралы түсінік берілді. Атап айтсақ, жүйелік менеджментін жетілдіру туралы бұйрықтарды жаңарту, «Жүйелік менеджменті» процестерінің тізілімін жаңарту, Жүйелік менеджмент моделі бойынша процестер иегерлерінің құжаттарын жаңарту, процестер бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT анализін дайындау, Ережелерді жаңарту, Жүйелік менеджмент моделіне сәйкес электронды альбомдарды жетілдіру және нормативтік құжаттардың онлайн-катологын дайындау сынды т.б. жұмыстар туралы ақпарат берілді.