11.02.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің IV курс студенттері қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидің 90 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушыларымен челлендж ұйымдастырды. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Симферополь орта мектебінде дипломалды парактика өтіп жүрген студенттеріміз Роот Карина және Казезова Арайлымның бастамасымен жүргізіліп жатқан жыр эстафетасына бірқатар оқушылар мен оқытушылар ат салысты. Іс-шара аясында қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әсем әндерден шашу шашып, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.