24.10.2024
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары, қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Ілияс Данагүл Нұртайқызы және директордың практика жұмысы бойынша орынбасары, қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдебиетті оқыту әдістемесі пәндерінің оқытушысы, педагог-шебер, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы республикалық «Үздік педагог – 2024» байқауының жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрілігінің ҮЗДІК ПЕДАГОГ төсбелгісіне ие болды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз елене берсін! Ғылым көкжиегінде қалықтай беріңіздер!