29.01.2021
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 25 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Информатика бөлімінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Зеренді ауданы әкімдігінің "М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" КММ-нің 9-сынып оқушыларының мамандықты таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Менің мамандығым – менің болашағым» атты онлайн конференция ұйымдастырылды. Жалпы қатысқан оқушылар саны – 20. Аталған іс-шарада колледж туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар таныстырылды. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараға Информатика бөлімінің IV курс студенттері Әшімбек Бекзат, Калибаева Аделя қатысты. Кәсіби бағдар беру жұмыстарында белсенділік танытқан Халелова Эльмира Майданқызына алғыс білдіреміз.