АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ: АТА-АНА МЕН КОЛЛЕДЖ ЫНТАМАҚТАСТЫҒЫ»» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

18.10.2024
2024 жылдың 18 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде І курс студенттерінің ата-аналарына арналған «Жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеудегі ата-ана жауапкершілігі: ата-ана мен колледж ынтамақтастығы»» тақырыбындағы ата-аналар конференциясы өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы ата-ананың бала тәрбиесінде үлесі айтарлықтай зор екендігін айтып, білім беру процесіне студенттердің қатынасы жайлы барлық мәселелердің түйінін шеше отырып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ оқу бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы кәсіптік білім беруде колледждегі оқу процесінің талаптарын ұғындырса, колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы «Студент-жастарды әлеуметтендіру, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық қабілетін дамыту – басты міндеттердің бірі» тақырыбында ой өрбітті. Сонымен қатар колледждің әлеуметтік педагогі Ауғалиева Жалыра Қайырболатқызы «Қауіпсіз кеңістікті қамтамасыз ету: зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында сөз қозғаса, педагог-психологі Испаева Дина Ғалымқызы ата-ана, бала, психолог арасындағы байланыс-тұлғаны қалыптастырудың басымдылығын нақтылады. Ата-аналар өздерінің толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Конференцияның ресми бөлігі аяқталған соң, концерттік бағдарламаға ұласты. Әрі қарай топ жетекшілері ата-аналарымен жеке жиналыс өткізді.Онда оқу-тәрбие процесіне студенттің қатысы туралы нақты ақпарат айтылып, жеке тұлғаның қалыптасуына ата-ананың рөлі маңызды екендігіне баса мән берілді.
Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст