АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың 25 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Бастауыш мектеп бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№17 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9, 10, 11-сынып оқушыларының мамандықты таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Өз мамандығыңды таңда» атты онлайн конференциясы ұйымдастырылды. Колледж туралы презентация көрсетіліп, мамандықтар және қосымша біліктіліктер таныстырылды. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Аталған іс-шараға №17 орта мектеп-гимназиясының оқу ісінің меңгерушісі Г.Кутербекова, Бастауыш мектеп бөлімінің оқытушылары А.Шарипова, Д.Сейтбаттал қатысты. Конференцияға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.