АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы оқу жылының 22 қаңтар күні қабылдау комиссиясының № 1 отырысы өткізілді.
Қарастырылған мәселелер:
1. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабылдау комиссиясының жұмыс жоспары, 2021-2022 оқу жылына қабылдаудың негізгі ережелерін талқылау;
2. Кәсіби бағдар беру бойынша 2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде бөлімдерде жүргізілген жұмыстар бойынша есеп беру;
3. Колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша «Студентке қаражат» қағидасы бойынша оқуға қабылдау жүйесін талқылау.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына енгізілген толықтырулары талқыланды. Колледждің қабылдау комиссиясының жұмыс жоспары, негізгі ережелері бекітілді. Қабылдау комиссиясының төрағасы және қабылдау комиссиясының мүшелері жалпы қарастырылып отырған мәселелерді талқылап, қабылдау комиссиясының жұмысын әрі қарай жетілдіру қажет екендігі ескерілді. 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жүйесін құрып, әр бөлімдер бойынша қала, аудан, ауыл мектептерінің әлеуметтік желілерімен жұмыс жасалуы бойынша колледж директоры тарапынан бірқатар тапсырмалар берілді.