16.10.2024
2024 жылдың 15 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы мен колледж әдіскері Сатиева Марал Төлегенқызы әдістемелік көмек беру мақсатында жас мамандардың сабақтарына қатысып, оқу сабағын өткізу жүйесімен танысты. Сабақтан кейін оқытушының рефлексиялық талдауын тыңдап, ұсыныс-пікірлер білдіріп, әдістемелік кеңес берді.