2024 жылдың 9 қарашасында Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында бастауыш білім беру бөлімінің II курс студенттері БМ-22ҚБ тобы және топ жетекшісі Гүлмира Қайыржанқызы Педагогикалық ғылымдар академиясы шығарған «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі» атты еңбекті оқып, талқылады. Студенттер «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі», «Салауатты өмір салты» тақырыптарына тоқталып, сондай-ақ еңбектің авторыларымен танысу жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық құндылықтар – бұл ұлтқа тән заттар, адамдардың қасиеттері, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылық. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз болып табылмақ.