Текст
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқу көшбасшысы» атты викторина өткізілді. Іс-шара барысында студенттер арасынан қатысушылар шығып, әділ-қазылар сайланды. Қатысушылар викторинаның 4 кезеңінен өтіп, әртүрлі пәнге қатысты сұрақтарға жауап берді, тапсырмалар орындады. Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітаптар сыйға тартылды.