Оқу орны 1990 жылы «Қазақ КСР-і Халыққа білім беру министрлігінің Көкшетау қаласында қазақ тілінде оқытылатын педагогикалық училище ашу» туралы №341 бұйрығына сай ашылды.
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № А5/208 қаулысымен оқу орнына Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны статусы берілді.
Қазіргі заман талабына сай колледж мерзімі шектелмеген АБ №0036758 мемлекеттік лицензия негізінде 5 мамандық,7 біліктілік бойынша мамандар даярлайды.
Мамандықтар мен соған сәйкес біліктіліктер:
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі;
0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 010302 3 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігі;
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының 010501 3 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі;
0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығының 010801 3«Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі» біліктілігі;
0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 011101 3 «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі»;
011108 3 «Шетел тілі мұғалімі»;
011109 3 «Информатика мұғалімі» біліктіліктері.
Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша 1170 студент білім алады.
Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша педагогикалық кадрлар даярлауда барлығы 98 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде: 47 жоғары және бірінші санатты, 2 филология ғылымдарының кандидаты, 41 магистр, 8 магистрант білім береді.