Текст
25-қыркүйек күні Жастар комитетінің ұсынысымен колледж студенттерінен құрылған "PrestigeSmile"-дің ұйымдастырылуымен, 1-курс студенттерін колледжбен таныстыру мақсатында квест ойыны өткізілді. Квест барысында 1-курс студенттері "І-шуақ" педагогикалық жасағының тәлімгерлерінің көмегімен 6 топқа бөлініп, ұйымдастырушылар ребуспен жасырған карта бойынша кезеңдерді аралап, әр-бір кезеңнің өзінің тапсырмаларын орындады. Квест кезеңдері өте қызықты әрі тиянақты құрылған. Қатысушылардын көңілдерінен шыққан ойын жоғары дәрежеде өтті.