АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Кітапхананың колледждің педагогикалық ұжымымен өзара әрекеттестігін үйлестіру

13.05.2019

Кітапхана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Жолдауларын, әлеуметтік экономикамыздың дамуын, еліміздегі және әлемдегі саяси жаңалықтарды оқырмандарға дер кезінде жеткізу, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, қазақ халқының көрнекті өкілдерінің мерейтойларын атап өту және жергілікті қаламгерлермен кездесу кештерін өткізу арқылы құнды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылады. Жаңашылдық бағытта кітапханаларда: тақырыптық кештер, дебат, еске алу кештері, кітап тұсаукесері, кітапхана түні, кездесу кеші, дөңгелек үстел, буктрейлер, виртуалды көрмелер, кітап көрмелері, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы әдебиеттерді насихаттау және т.б. жаңа жұмыстың түрлері кітапхана ісіне енгізіледі. Кітапхананың басты мақсаты – колледждің оқу процесін жоспарлы түрде ғылыми-әдістемелік, оқу және қосымша әдебиеттермен уақытылы жабдықтау барысында бөлім меңгерушілері, кафедра жетекшілерімен бірлесе отырып, қажетті әдебиеттерге әртүрлі баспаларға сұраныс беріледі.

Заман талабына сай жаһандық дамудың жаңа үлгісіндегі озық технология түрлерін және кітапхана жұмысына жаңа серпіліс беретін қозғаушы күштердің бірі – заманауи кітапханалармен шығармашылық байланыс орнату. Соның бірі – Астана қаласындағы Ұлттық кітапхананың мол кітап қоры мен озық үогілері бойынша тәжірибесін игеру мақсат етіледі.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.05.2019 17:30
Құрылған күні: 09.05.2020 21:30

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст