АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы.

14.10.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жанындағы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі 2021-2022 оқу жылына жоспарланған жұмыс бағыттарын жалғастыруда. Осыған орай республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі «ТаIаp» комерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының академиялық еркіндікке көшуін ескере отырып, орта білімнен кейінгі білім берудің 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 5AB01120101 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың қолданбалы бакалавры» біліктілігінің және 01130100 «Логопедия» мамандығының 5АВ01130101 «Логопед қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын кредиттік-модульдік оқыту технологиясы негізінде әзірлеу жұмыстарының басталуына орай жұмыс жүргізілуде. Осы тапсырманы орындауға колледж педагогтерімен қатар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және әлеуметтік серіктестіктер мамандарынан төмендегідей жұмыс тобы құрылды:

1. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі педагогтары:

Рақымжан Әсел Қайроллақызы – философия ғылымдарының PhD докторы.

Смаилова Айгуль Токтауыловна – педагогика ғылымдарының магистрі, Мейрамгүл Құрметқызы– логопедия пәнінің оқытушысы.

2.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы:

Алиаскарова Сауле Мухамедьяровна – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

3.М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университетінің оқытушысы Келдегулова Айзат Нуркеновна – магистр, аға оқытушысы.

4. Әлеуметтік серіктестіктер:

- Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» балабақшасы әдіскері –

Туребекова Гульнар Еркиновна

- Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Әсел» бөбекжайының логопед маманы – Толегенова Бахыт Казақстановна.

Жұмыс тобы кестеге сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын кредиттік-модульдік оқыту технологиясы негізінде орындауда.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.10.2021 09:59
Құрылған күні: 14.10.2021 09:59

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст