Текст
18 мамыр Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында онлайн сабақтар өтті. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай акцияға «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбы айқындалып, ұлтымыздың ұлы перзенті Абай дүниетанымындағы адалдық ұғымы талданды. Аталмыш акцияға колледжіміздің барлық студенттері жұмылдырылды.