Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК әкімшілігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 2020 жылдың 14 мамырына жоспарланған «Абай мұрасы және қазіргі білім беру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен «Қазақ қызы: ұлттық болмыс және заман талабы» атты аймақтық Мега-форумның өткізілу уақыты қосымша айтылатынын хабарлайды. Конференцияға ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдау ақпараттық хатта белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіледі.
Әлемдік деңгейде өршіген пандемияға қатысты қабылданып отырған шешімімізге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын.