Текст
23 сәуір – әлемдік әдебиет үшін ерекше күн. Бүгін бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні.1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды. Күннің басты мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, одан ләззат алуға баулу және адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау.