АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «БІЛІМ» БЕЙІНІ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ БАРША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР ҰЖЫМЫН ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ МЕРЕЙЛІ, ЕҢ ҚАДІРЛІ, АСА ЖАУАПТЫ МЕРЕКЕСІ «ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ.

05.10.2023
Ұстаздар күніне орай 4-5 қазан күндері Астана қаласында өткен «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты Республикалық педагогтер съезіне Ақмола облысынан делегат ретінде колледж басшысы Нұртас Ахатұлы, республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы жөніндегі орынбасары Бақытгүл Ерғалиқызы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы, колледж түлегі, Кравченко Анастасия Петровна қатысты. Президенттің қатысуымен өткен педагогтер съезінде Анастасия Петровна «МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ БҮГІНГІ БАСЫМДЫҚТАР» тақырыбында сөз сөйледі.
Анастасия Петровна «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының негізгі бағыттарына тоқталып, білім мен тәрбиенің негізі балабақшадан бастау алатынын атап өтті.
Педагог мәртебесі тек мемлекет қолдауымен ғана емес, қоғамдағы әр педагогтың шеберлігіне байланысты қалыптасады. Сондықтан, баланы дұрыс дамыту ғана емес, балаларға ұлттық құндылықтарды, тамырлы тарихты, рухани білімді, тәлім-тәрбие беретін тәрбиешілерді де сапалы даярлау маңыздылығын алға тартты.
«Білім» бейіні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі кәсіби төл мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық шабыт, кәсіби өрлеу тілейді!


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.10.2023 17:02
Құрылған күні: 05.10.2023 17:02

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст