Текст
Ағымдағы жылы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндетін атқарушы А.Рахимжанованың ұйымдастыруымен 1 және 3 курс топ жетекшілері студенттердің жатақханаға орналасу тәртібі бойынша дәстүрлі түрде топ жиналыстарын өткізіп, топ студенттерін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен, жатақхананың ереже-талаптарымен таныстырып 2019-2020 оқу жылында жатақханада тұратын студенттер қатарын анықтап, топ жиналысының хаттамаларын жасады. Хаттамаларға сараптау жұмыстарын жүргізу мақсатында жатақханаға орналасуға 171 бала, соның ішінде 17 ерекше бала өтініш білдірген.