АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

06.01.2021

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам басқанға дейінгі мәселелерге тоқталып, егемен халқымыздың жеткен жетістіктерін саралалап, болашаққа деген нақты қадамдарымызды айқындап берді. «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратын бұл мақалада Президентіміз қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің жері ешбір шетелдің меншігіне берілмейтіндігін шегелеп тұрып жеткізді. Қазақ халқы үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтынмен тең екендігі тарихтан да белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев азаттығымыздың ақ таңы оңай атпағандығын айта келе, осынау баға жетпес құндылығымызды бағалай білу үшін құзырлы органдарға мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін тарихи тақырыптарға арнауды ұсынды. Сонымен қатар тарихи шежіреміздегі маңызды белестер мен оқиғаларды халық жадында сақталуына мән беру керек екендігін атап көрсетті. «Ұлт намысы үшін алаңға шығып, елі үшін жанын беруге дайын болған өрендей жастардың ерен еңбектері ел жадында мәңгі сақталуы тиіс және азаттықтың алғашқы қарлығаштарының азаматтық ерлігі лайықты насихатталуы тиіс», - деп өз мақаласында 1986 жылғы оқиғаның қаһармандарын да тыс қалдырмады. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдыққа бөліп қарастырған мемлекет басшысының бұл мақаласы тарихқа, экологияға, саясатқа және мемлекеттік тілімізге байланысты туындаған сұрақтарға жауап бола білді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөзі бүгінгі күннен бастап халқымыздың мәңгілік ұранына айналуы тиіс.

 

Тарих пәнінің оқытушысы: А.Т.Тайманова

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст