АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Адам дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша әр салада нақты жұмыстар атқарылуда. Ел Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағытталуы тиіс.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидасының бірі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге міндетті екендігі. Қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында анықталған. Стандарт дегеніміз – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК-да 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
2. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттар қабылдау;
4. Техникалық және және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама беру;
5. Техникалық және және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
6. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау)үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылық) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;
8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін колледжде 973 мемлекеттік қызмет көсетілді. Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер тегін ұсынылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түріне байланысты электронды және қағаз түрінде құжаттар қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету – әлеуметтік дамудың негізі болып есептеледі.
Сапалы көрсетілетін мемлекеттік қызмет еліміздегі білім саласының өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлықтың азаюына негіз болады.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары
қазақ педагогикалық колледжі,
директордың тәрбие жұмысы
бойынша орынбасары Ілияс Д.Н