Текст
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – көңілге қуаныш сыйлайтын, өткеннен тағылым алып, келешекке батыл қадам жасайтын ерекше мейрам. Келер жылда жаңа белестерге жетуімізге, алға қойған мақсаттарға батыл қадам жасауымызға үлкен сеніммен қараймыз.
Табалдырықты аттағалы тұрған Жаңа жыл қарсаңында қызметтеріңізде табыс, отбасыларыңызға амандық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Мерейлі мемлекетіміздің жеңіс пен жеміске толы жасампаз жылнамасына өз бастамаларыңызбен жаңа серпін қоса бергейсіздер!
Келер жыл табысты да тағылымды жыл болсын!