АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 30 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ата-аналардың қатысуымен онлайн жиналыс өтті. Колледж директоры Н.Ахат алғы сөзінде білім беру жүйесіндегі өзгерістер, бірқатар мәселелерге тоқталды. І курс студенттерінің екінші семестрде дәстүрлі білім беру жүйесіне көшетіндігі, оқу процесінің жүйесі таныстырылды. Оқуға қабылданған студенттердің ішінде 194 білім алушы жатақханаға тұруға өтініш білдірген. Колледж тарапынан жатақханаға орналасу бойынша толық ақпарат берілді. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы жиын соңында барша студенттер мен ата-аналарды келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтап сөз сөйледі.