30.12.2020
Бүгін Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шығармашылық және ғылыми тұлғалар арасында өткен "Құлагер" облыстық байқауы қорытындыланды. Қаламгерлерді марапаттау рәсімі "Болашақ сарайы" ғимаратында өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ПҒА корреспондент мүшесі, әдебиеттанушы Ахат Нұртас Ахатұлына ғылым саласы бойынша "Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін" номинациясы табысталды! Нұртас Ахатұлын аталмыш жеңісімен құттықтаймыз!