АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сай білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеруде жоғары білім сапасын көрсеткен, педагогикалық практикада әдістемелік тәжірибеден өту барысында жеткен жетістіктері және әртүрлі мәдени-әлеуметтік жобаларға қатысу нәтижесі бойынша талантты жастарды қолдау мақсатында 10 қарашадан 25 желтоқсан аралығында «Колледждің үздік студенті» жобасы өткізілді. Жоба оқу-тәрбие процесінде, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, ғылым, өнер, спорт және басқа да салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен колледж студенттерін анықтау барысында үш кезеңде жүзеге асырылды. Жобаға ІІ, ІІІ курс студенттерінен 30-ға жуық студенттер қатысты. 25 желтоқсан күні қамқоршылық кеңесте колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша қорытындысы анықталып, келесі студенттер жеңімпаз атанды.
1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» – Айекешова Шехрезада МД-31 тобы.
2. 0102000 «Дене тәрбиесі және спорт» – Егінбеков Дамир – ДМ-21 тобы.
3. 0105000 «Бастауыш білім беру» – Лескенқызы Айжан – БМ-31тобы.
4. 0108000 «Музыкалық білім беру» – Ануарбекова Аружан – М-31 тобы.
5. 0111000 «Негізгі орта білім беру» – Орынтай Сандуғаш –А-31 тобы, Тұрсынбек Сая – ФБ-21 тобы, Аманжолова Жанна – И-31 тобы
Жеңімпаздар «Үздік студент» арнайы номинацияларымен марапатталды. Құттықтаймыз!