АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

2020-2023 жылдарға арналған қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

26.12.2020

2020 жылдың 25 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №2 қамқоршылық кеңесі өтті.

Қамқоршылық кеңесте филология ғылымдарының кандидаты, ПҒА корреспондент мүшесі, колледж директоры Нұртас Ахатұлы «Колледждің қаржылық-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылға арналған қаржы және шаруашылық саясаты» бойынша сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасы, қалалық маслихатының депутаты, жолаушылар тасымалдау қауымдастығының төрағасы Қалышев Рүстем Серікұлының «2017-2020 жылдар аралығындағы қамқоршылық кеңес құрамының атқарған жұмыстары бойынша есебі» оқылды. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы 2017-2020 жылдарда колледж ұжымымен жұмыс атқарған қамқоршылық кеңес құрамына құттықтау сөз сөйлеп, 2021-2023 жылдарға арналған жаңа қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелерін таныстырды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер негізінде қаулы қабылданды.

Қамқоршылық кеңес соңы 2020 жыл қорытындысының нәтижесі бойынша және Жаңа жыл мерекесіне орай колледждің әлеуметтік-қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып жүрген студенттерге, жетекшілік жасаған оқытушыларға номинациялармен марапаттап, сыйақылар беру рәсіміне ұласты.

Қамқоршылық кеңес концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст