АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Тірек мектеппен іс-тәжірибе алмасу сабағы өтті

23.12.2020
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тірек мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінен іс-тәжірибе алмасу сабағы өтті. Сабаққа Филология бөлімінің оқытушылары мен студенттері, Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Камашева Бағлан Шекешқызы, 7 «а» сыныбы қатысты. Колледжіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушылары Д.Ілияс, К.Абиева «Қазақ музыкасы» тақырыбында ұйымдастырған сабағында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтың тиімді әдіс, тәсілдері қолданылып, қашықтықтан оқыту жүйесінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері, ZOOM платформасы арқылы берілетін тапсырма түрлері көрсетілді. Сабақ соңында оқушылармен және колледж студенттерімен кері байланыс орнатылды. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технология элементтері қолданылып, жоғары деңгейде өтті. Студенттер сабаққа қатысу арқылы оқу практикасы барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік алып, өздерін толғандырған сұрақтар төңірегінде талқылау жұмыстары жүргізілді. Іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шарада белсенділік танытқан №18 орта мектеп-лицейінің әкімшілігіне, мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!
Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст