Текст
Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тамыры терең, тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Онлайн жиын колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұртас Ахатұлының құттықтау сөзімен басталды. Колледж ұжымына азат және тәуелсіз Отанымыздың болашағы – білікті де білімді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу ісінде табысты болуға тілектестік білдірді. Іс-шара Тәуелсіз Қазақстанның рухани, мәдени, білім салаларында аянбай еңбек етіп келе жатқан оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау рәсіміне ұласты. Музыка бөлімінің оқытушылары мен Филология бөлімінің студенттері тарапынан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік онлайн-концерт тарту етілді.