АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКПЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

14.12.2020
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні шетел тілі кафедрасы С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейімен тірек мектептермен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарына сейкес «Modern education system and students’ problems in teaching FL for pupils» (Заманауи білім беру жүйесі және мектеп оқушыларына шетел тілін оқытудың мәселелері) тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін баяндау, колледж студенттерінің мектепте ағылшын тілінен байқау практикасынан өту үдерісіндегі қиыншылықтарын айқындау және оларды түзету жолдарын талқылау. Іс-шараға С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Кеңөткел негізгі мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, әрі бөлім түлегі А.С.Мұқашева және шетел тілі кафедрасының оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша ағылшын бөлімінің меңгерушісі А.Б.Сабырова кіріспе сөз сөйлеп, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.С.Мұқышева, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Ж.Мейрамова, бөлім түлегі А.С.Мұқашева және шетел тілі кафедрасының жетекшісі А.К.Ташенова көтерілген өзекті тақырыпқа сай мазмұнды баяндамаларын ұсынды.
Дөңгелек үстел аясында қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері баяндалды, шағын жинақталған мектептердегі білім беру жүйесінің қиыншылықтары мен артықшылықтары сипатталды. Колледж студенттерінің мектепте ағылшын тілінен байқау практикасынан өту үдерісінде туындағын мәселелер талқыланды. Нәтижесінде студенттердің оқу практикасын ұйымдастыру бойынша көмекші құралдың жобасы кеңінен талқыланып, бекітілді. Танымды іс-шараға қатысып, өзара тәжірибе бөліскен С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Кеңөткел негізгі мектебінің әкімшіліктеріне өз алғысымызды білдіреміз!
Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст