9 желтоқсан күні Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысын іске асыру аясында Ақмола облысы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ҚБ, Көкшетау қаласы жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып қалалық Волонтер жылының салтанатты жабылу рәсімін өткізді.
Іс-шараға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бегайдарұлы Бейсембаев қатысып, еріктілерге пандемиямен күрес барысында жүргізілген жұмыстары мен алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындығы жөнінде атап өтті. Еріктілерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар берілді.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ФБ-41 тобының студенті, "Рахат Мейірім" еріктілер клубының жетекшісі, «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» 2020 байқауының жеңімпазы— Аманжолова Аққу марапатталды. Сонымен қатар колледжіміздің Жастар Комитетінің төрағасы, тарих пәнінің оқытушысы — Сапар Мұхит Ерланұлы Алғас хатпен марапатталды.