2020 жылғы 28 қарашада бөлім жоспарына сәйкес Ағылшын бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған «Journey into English speaking countries» атты скетч-презентация өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерді ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы ақпаратпен кеңінен таныстыру, студенттердің ағылшын тілінде сөйлеуге қызығушылығын арттыру және жан-жақты білімдерін дамыту.
Іс-шара Ағылшын бөлімінің оқытушылары және 1 курс топ жетекшілері А.Ж.Қаппас және А.Қ.Ташенова тарапынан ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің орналасқан жерін, халқы, саяси құрылымын және ерекшеліктерін таныстырумен басталды. Скетч-презентация барысында Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Аустралия, Канада сияқты елдер жөнінде мазмұнды мағлұматтар ұсынылды. Қатысушылар сөз сөйлеушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Іс-шара соңында студенттер топшаларға бөлініп, алған білімдерін Kahoot бағдарламасы арқылы тексеріп, нәтижелерін білді.